Аса Қамқор, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен
Зәкәт әл-фитр
(Ауызашар садақасы)
Зәкәт әл-фитрды беру парыз болып табылады
Ибн `Умар айтқан: «Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) зәкәт әл-фитрды бір са` тамақ ретінде таратуды бұйырды. Ол бұны мұсылмандардың, құлы мен бос адамына, еркегі мен әйеліне, кішісі мен қартына бұйырып, оны айт намазына шығарда беруді әмір етті» (әл-Бухари 1503).
Имам әл-Хаттаби былай деді: «Бұл хадисте, зәкәт әл-фитрдың міндетті екеніне нұсқау бар, әрі оның парыз екені бүкіл ғалымдардың пікірі болып табылады» (“Мә’алиму-Ссунән” 3/214).
Имам ән-Нәуәуи: «Зәкәт әл-фитр әрбір мұсылманға парыз екенінде, ғалымдардың барлығы бірауыздан келіскен», – деп айтқан («әл-Маджму’» 6/106).
Тағы да, зәкәт әл-фитрдың міндетті екенінде ғалымдардың барлығы бірауыздан келіскеніне имам Ибн әл-Мунзир де нұсқаған («әл-Иджма’» 34). Толығырақ…