Аl-Hanifiya.kz| Құран және сүннет, сахабалар түсінігімен | Аудио лекциалар| Видео лекциалар | Мақалалар | Сахих кітаптар | Уағыз насихат | Ақида | Манһадж | Фиқх | Құран тапсірі | Хадис тапсірі | Сира | Анти террор | Тағамдағы халал мен харам |

Al-Hanifiya.kz: Діни танымдық сайты

«Нақты қалыптасқан жағдайды білу» ұғымы туралы (фиқхуль-уақи’)

Аса қамқор екерше мейірімді Аллаһтың атымен!

Біз Өзін ғана мадақтайтын және Өзінен ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мақтаулар болсын! Біз Аллаһтан өзіміздің нәпсіміздің және амалдарымыздың жамандығынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Аллаһ тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына күәлік береміз, және Мухаммад – Аллаһтың құлы және Оның Елшісі екеніне куәлік береміз.

Содан соң:

Шын мәнінде сөздердің ең жақсысы – Аллаһтың кітабы, ал ең жақсы жетекшілік – ол пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жетекшілігі. Амалдардың ең нашары – дінге жаңалық енгізу (бидғат), ал кез-келген бидғат – адасушылық. Ал әрбір адасушылық тозақта.

«Фиқхуль-уақи’» деген ұғымды «Нақты қалыптасқан жағдайды білу» деп аударуға болады. Бұл жаңадан ойлап табылған термин. Оны біреулер ғалымдардың ауызын жабу үшін: «Олар (ғалымдар) ол жақта (немесе бізде) қалыптасқан нақты жағдай жөнінде хабардар емес!», – деп қолданып жүргені де белгілі.

Бұл терминге үлкен ғалымдардың пікірімен келіспеген кез келген біреу жүгінеді. Өйткені, ол адам ғалымдардың сөзін білім арқылы теріске шығара  алмағандықтан: «Ол ғалымдар біздегі жағдайды білмейді ғой!» – деп айтуынан басқа шарасы қалмайды. Сөйтіп, ондай адам, өзінің қалыптасқан жағдай туралы  «керемет» хабардар екендігін алға тартып, білгенін істеуге рұқсат алады.

Шейх Хамад әл-Ансари: Біздің заманымыздың ғалымдары нақты қалыптасқан жағдайды (уақи’) түсінбейді және білмейді», – дейтіндер бұл мәселеде қателеседі, және бұндай сөз рұқсат етілмеген!» («әл-Мәджму’» 2/584.)

Шейх Муқбиль: Қалыптасқан жағдайды білу жайында ең білушілер – бүгіңгі күні басшалығында шейх ибн Баз және шейх әл-Әлбани тұрған Сүннетті жақтаушылар болып табылады!» – деген. (“Фадаиху уа насаих” 110)

Шейх Салих Али Шейхқа соңғы кезде кең таралған «фиқхуль-уақи’» термині туралы сұрақ қойылғанда, ол былай деп жауап берген:  “Бұл сөз тіркесі «фиқх» және «уақи’» деген екі сөзден құралады, және оның әрқайсысын біздің үмметіміздің саляфтары (алдыңғы бұыны) қолданған. Олар «уақи’» сөзін жеке қолданған, сондай-ақ «фиқх» сөзін де қолданған, мысалы, «фиқхуль-Китаб», «фиқху-Ссунна», «фиқхуль-акбар», яғни ‘ақида и т.с.с. Алайда, олар (бұл сөздер) бірге «фиқхуль-уақи’» сөз тіркесі түрінде қолданылмаған. Біздің үмметіміздің ғалымдары 14 ғасырдан бері «фиқхуль-уақи’» деп аталатын терминді пайдаланбаған, осының өзі бұл атаудың жаңалық енгізу екендігіне көрсетіп тұр. Ал Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Кез келген жаңалық енгізу – бидғат!»” – деген». (”Шарху масаилиль-джахилия” қысқартылған)

Сонда не, қажылық пен умраның үкімдерін Кұран мен Сүннеттен білетін ғалым, кедейлігіне байланысты қажылықты да умраны да өзі жасай алмағандығының себебінен, оларға басқаларды үйретуге құқығы жоқ па?!

Және де хайыз мәселелерінде нақты бір әйелге байланысты үкімді білу үшін ғалым нақты жағдайды (уақи’) білу мақсатында оны көріп шығып, сосын ғана оған байланысты пәтуа шығару керек деп ойласыздыр ма?!  Әлде оның өзінен шешім шығаруға қажетті барлық нәрселерді біліп алудың өзі жеткілікті ма? Надандар мен өз әуестерінің жетегінде жүргендердің дәйексіз сөздерін қабылдасақ, міне осындай көңілге қонбас, ақылға сыймас жәйттарға жетуіміз мүмкін.

Мәдинада өмір сүрген сахабаларға адамдар халифаттың түкпір-түкпірінен пәтуа алу үшін келетін еді, бірақ олардың ешқайсысы: «Сендер ол жерде не болып жатқанын білмейсіңдер ғой!» – деп айтпайтын.

Сондай-ақ  Ибн Таймия өзінің отанына ғана емес өзге де жерлерге байланысты пәтуалар беріп: “Мен – белгілі бір жердің адамы емеспін, Мен -Сүннеттің адамымын», – деген.  (“әл-Уқуду-ддария” 177)

Кез келген ақыл иесі қалыптасқан жағдайды білетін, бірақ шариғатты білмейтін адам еш уақытта өздігінше шешім шығара алмайтынын түсінуі керек. Олар жағдайдан шығу жолын өз ойынан шығармай, қалыптасқан жағдай туралы білімді (уақи) ғалымдарға жеткізіп, олардың шешімін күтуі қажет. Өйткені, Аллаһ қасиетті Құранда ан-Нахль сүресінің 43-аятында: «Егер білмесеңдер – білім иелерінен сұраңдар», – деп,   осылай істеуді бұйырып тұр. [1]

Өзге және бұдан да өзекті болған проблема – дінде надан болған адамдар өздерін надан деп сезінбей, ғалымдардан бас тартып, мұсылмандардың жаһандық проблемаларын шешуді өз мойындарына алатындығы. Ең көп зиян мен жамандықты дәл осындай өзінің білімді екеніне күмәнсіз сенген надандардың қабылдаған үкімдерінің салдары әкеледі.

Шейх Ибн ‘Усаймин былай деп айтқан екен: “Кейбір адамдар «фиқхуль-уақи’ді» ілімге енгізіп: «Қалыптасқан жағдай туралы білімге ие емес адам, білуші емес!» – деп айтады. Олар Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Кімге Аллаһ игілік қаласа, оны Ол дінде факих (дінде дұрыс түсінік иесі) қылады», – деген сөздерін ұмытқан.  Адам үшін діннің фикхын, дұрыс ғибадат жасауды, таухидті және ихласты білу – қалыптасқан жағдайды зерттеумен айналысудан, және қалыптасқан жағдай туралы білімді радио, қандай да бір парақшаларды оқу, немесе біреулердің жеткізген сөздері сияқты әлсіз және жалған көздер арқылы алудан, пәленше мен пәленше немен айналысып жүргенді зерттеуден жақсырақ! Фиқхуль-уақи’ шындығында – әуестерге еру! Және әрбір адам қалыптасқан жағдайды өзінше бейнелейді ”. (“Шарх Хилия талиб әл-‘ильм” 41)

Әсіресе осындай «өздігінен үкім шығарып сөйлеу» джихад мәселесіне де келіп тиді.

Мұсылмандар, айтыңыздаршы, бұл күрделі мәселелерді кім шешу керек?

Расында да, мұсылмандар қолына қару алып жасап жатқан істерінің барлығы джихад па? Расында да, тақия киіп қолына жайнамаз алған кез келген адам намазхан  ба?   Джихадта да, намаздағыдай, және ғибадаттың басқа кез келген түріндегідей, өзінің шарттары бар емес пе?

Имам әл-Бухари өзінің сахих хадистер жинағында бір бапты «джихадты жүргізудің, жаулармен бітімдесудің шарттары және осы шарттарды жазу туралы» деп атаған.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия: “Құран мен Сүннет джихадты жасау туралы бұйрықтарға  және оның артықшылықтарына толы. Алайда шариғатта заңдастырылған, Аллаһ және Оның Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бұйырған джихадтпен, кейбір адасушылықтың жақтаушылары жүргізіп жүрген бидғат-джихаттың айырмашылығын білу қажет! Олар джихадты шайтанға бағынып жүргізуде, алайда өздері джихадты Рахманға бағынып жүргізудеміз деп ойлайды. Бұл – хауаридждердің, және солар сияқты өзге, исламның жақтаушыларымен соғысып жүрген, өз әуестерінің және діңге жаңалық енгізудің жақтаушыларының джихады сияқты!».  (“Раду ‘аляль-Ахнаи” 326)

Егер Ибн Таймия оның кезінде де бидғат-джихадты істеп жүргендердің болғанын атаған болса, онда біздің кезімізде қасиетті соғыс ұраңының астында орын алып жатқан жағдайлар туралы не айтуға болады! Және де мына сұраққа жауап беріңіздерші, өтініш: «Қай джихад – бидғат, ал қай джихад шариғатпен заңдастырылғанын кім анықтайды: шариғатты білушілер ме, әлде әскери істерден хабардар адамдар ма?»[2]

Өкінішке орай мұсылмандардың қанын төгумен байланысты мәселелерді еш қиналмай-ақ шешуге кірісіп жүргендердің көбінен нифас және хайыз кезіндегі қан жайында сұрасаңыз, олар жауап беруге қиналып: «Білетіндерден сұра», – дейді.  Ал бұл дүниеде мұсылманның қанынан құнды нәрсе бар ма?! Аллаһтың елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Бұл дүниенің түгел опат болуы – иман келтірген адамның жазықсыз өлтірілуімен салыстырғанда, Аллаһ үшін маңызы төмен.» ( “Сахиху-ттарғиб” 3/202)

Шейх Салих әл-Фаузанға: “Кейбір студенттер ғалымдардың үнсіз қалуына өздерінің ренжуін білдіруде. Осы жөнінде не айтасыз?» – деген сұрақ қойылғанда, ол: «Кейде пайда үнсіздікте болады, ал кейде сөздерде болады, және ғалымдар пайда мен зиянға қарайды да, үнсіздік абзал болған кезде олар сөйлемейді, және сөз айту абзал болған кезде олар үнсіз қалмайды. Ал бір нәрселер орын алып жатса, бұл жөнінде кез келгенге айта беруге рұқсат етілмейді. Аллаһ айтқандай: «Қашан оларға аманшылықтан немесе хауіп-қатерден хабар келсе, олар оны жайып жібереді. Егер олар оны, Пайғамбарға не өздерінің іс басындағыларына ұсынса, олардан оның мән-жайын білер еді.» (ан-Ниса 4: 83).

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия: “Шындығында, жауабы – үнсіздік болған сұрақтар бар, шариғат белгілі бір нәрселердің міндетті, немесе бір нәрселердің харам екендігі туралы Ислам көтеріліп таралып кетпегенше айтпай кеткеніндей.[3] Және ғалым да ақиқатты жеткізуде және түсіндіруде осылайша істейді. Кейде ол белгілі бір нәрселерді түсіндіруді немесе жеткізуді тура келетін уақытқа дейін қалдырып қоюы мүмкін; Аллаһ кейбір шариғи нормаларды түсіндіруді пайғамбарымызда (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оларды түсіндіру мүмкіндігі пайда болған уақытқа дейін  қалдырып қойғандай!” (“Маджму’уль-фатауа” 20/58).

Әл-А’маш айтатын: “Үнсіздік – ол да жауап!” (Ибн Хиббан; “Раудатуль-‘уқаля” 170.)

О, мұсылмандар!

Ахлю суннаның атын жамылып, надандардың көз алдында бос және негізсіз дәйектермен ақиқатты теріске шығарып жатқан,  адасушылыққа жетелейтін адамдардан сақ болыңыздар.

Ибн әл-Қайим: “Өз әуестеріне ергендердің салты – Сүннетті жалғанмен теріске шығару болып табылады”, – деген. ( “Шифауль-ғалиль” 26)

Саляфтардың жолымен жүруді қаламай, белгілі бір жаңалыққа шақырушылардан аулақ болыңдар.

Ибн Таймия: “Дінге жаңалық енгізушілердің сипаты – салиқалы алдыңғы буынның (ас-саляфу-ссалих) ізінен ілесуден бас тарту болып табылады”, – деп айтқан. ( “Маджму’уль-фатауа” 4/155.)

Ал, өз әуестеріне ілесіп, өздерінің дүниетанымына сәйкес келетінмен ғана шектелетін адамдарға келер болсақ, бұл – оларға Аллаһ тағаланың дінін танытқызбайтын тәкапарлық болып табылады.  Құдіретті Аллаһ: «Жер жүзінде орынсыз түрде даңдайсынғандарды белгілерімнен бетін бұрып жіберемін», – деп ескертеді. (әл-А’раф 7: 146).

Суфьян ибн ‘Уяйна бұл аят жөнінде былай деді: “Бұл сөздердің мағынасы  – Аллаһ осындай адамдардан Құранды түсунуді тартып алатынында”. (Ибн Абу Хатим 2/239.)

О мұсылмандар, ахлю-Сунна ғалымдарын қадірлеңдер және олар Аллаһтың дініне және мұсылмандарға  ұлылықты, сондай-ақ күпірлік пен кәпірлер үстінен жеңісті бізден төмен емес мөлшерде қалайтынын біліңдер!

Сендерден өзгелер бас тартса да, ақиқатқа ілесіңдер, және әртүрлі партиялар мен жамағаттарды қолдаушылардың санының көптігіне әуестеңбеңдер.  Ибн Мас’уд: “Жамандықта жетекші болғаннан, игілікте ілесуші болған жақсы ”, – деп айтқан. (Ибн Абу Шайба 37188, Ибн Уадах 1/78. Иснады сенімді.)

Имам әл-Ауза’и айтатын: “Сенен барлық адамдар бас тартса да, саляфтардың ізімен жүр. Және адамдардың пікірінен аулақ бол, тіпті олар өздерінің сөздерімен оларды (өз пікірлерін) әдемілетсе де”. ( “аш-Шари’а” 1/193.)

Имам әл-Фудайль ибн ‘Ийяд: “Тура жолмен жүр, және саған құтылғандардың санының аздығы зиян тигізбейді. Және адасушылық жолдарынан сақ бол да, осы опат болғандардың санының көптігімен әуестенбе! ” ( “әл-Азкар” 238.)

1200 жыл бұрын өмір сүрген ғалым Юнус ибн ‘Убайд былай деген екен: “Біздің заманымызда кейбіреулердің Сүннетке шақырғаны тамсануға лайықты, бірақ одан да таң қалдыратыны – біреулер осы шақыруға жауап беріп, Сүннетті қабылдап жатқаны!” (Абу Ну’айм; “әл-Хилия” 3/21.)

Сол сияқты 1200 жыл бұрын өмір сүрген Имам Абу ‘Убайд әл-Қасим ибн Салям: “Сүннетке ілескен  қолына шоқ ұстағанға ұқсас. Және біздің кезімізде мұндай адам мен үшін Аллаһтың жолында қылыш сермегеннен жақсырақ!”  - деп айтқан. ( “Тарихуль-Бағдад” 12/410.)

Біз ең алдымен өзімізді өзіміз, кейін барлық мұсылмандарды да саляфтардың жолын ұстануға және Пайғамбарымыздың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жалғыз дұрыс болған жамағатында болуға шақырамыз! Осы жамағаттың басшылығында ол өзінің мирасқорлары болған – ғалымдарды қалдырды!

Және сөз соңында Әлемдердің Раббысы Аллаһқа мадақтар айтамыз! Пайғамбарымызға, оның отбасы мүшелеріне, сахабаларына және олардың ізінен шынайы ықыласпен ілескендерге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

Материал «ад-да’уату-ссаляфия» сериясынының 1-бөлімінен (бірінші басылым), «Ғалымдар және олардың Исламдағы орны» еңбегінен алынды.


[1] Тіпті егер ғалымдар арасында қалыптасқан жағдай туралы бейхабарлық орын алған деп ойлаған жағдайда да, оларға бұл үшін сөгіс айтуға олар лайықты емес.  Олар белгілі жағдайда қандай амал жасау керектігі туралы біледі, бірақ барлық болып жатқан уақиғалар туралы хабардар болуға міндетті емес. Және олардың ешқайсысы белгілі бір жерге байланысты пәтуаны, өзіне бұл үшін қажетті болған барлық нәрсені біліп алмай бермейді. Проблема  – қалыптасқан жағдай туралы біліммен шектеліп бірақ, діни білімге ие болмай,  білім негізінде пәтуа алу үшін  ғалымдарға жүгінбейтін, мұның орнына өздерінің сезімдері мен эмоцияларының жетегінде кететін адамдарда.

[2] Біздің кезімізде жас және діннен бейхабар болған мұсылмандардың джихад мәселесін ғалымдар емес муджахидтар шешу керек деген сөздерін жиі естуге болады. Дәлел ретінде олар имам Ахмадтың мына сөздерін келтіреді (олардың кейбіреулері бұл сөздерді хадис деп те айтады): “Егер адамдар бір мәселеде қайшылықта болса, онда шекаралас аудандардың тұрғындары (ахль ас-суғур) қандай пікірде екеніне қараңдар».

Алайда, «ахль ас-суғур» дегенде джихадта жүрген, немесе шайқастар болып жатқан орындарға жақын тұратын және қалыптасқан жағдай туралы көбірек хабардар болған ғалымдар түсініледі.  Джихад мәселелерін муджахидтардан оқып, сұрау керектігі туралы айтар болсақ, бұл – Аллаһ тағаланың: «Егер білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар», – деп (ан-Нахль 16: 43), муджахидтардан емес – ғалымдардан сұрауды бұйырған сөздеріне қайшы келеді.

[3] Ұзақ уақыт бойы көптеген тыйымдар орнатылмаған еді, және осыда Аллаһ Тағаланың даналығы бар еді. ‘Аиша айтатын: “Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) алғашқы түскен сүрелер – Тозақ пен Жәннәт жете суреттелетін сүрелер еді. Ал, адамдар Исламда орныққан кезде, бұйрықтар мен тыйымдар уахи етіліп түсірілді. Егерде алғашқы уахилар шарап ішуге тыйым салғанда, адамдар: «Біз ешқашан шарап ішуді қоймаймыз!» – дер еді. Егер алғашқы аяттар зина жасауға тыйым салса еді, онда адамдар: «Біз ешқашан зина жасауды қоймаймыз!» – дер еді. әл-Бухари 4993