Аl-Hanifiya.kz| Құран және сүннет, сахабалар түсінігімен | Аудио лекциалар| Видео лекциалар | Мақалалар | Сахих кітаптар | Уағыз насихат | Ақида | Манһадж | Фиқх | Құран тапсірі | Хадис тапсірі | Сира | Анти террор | Тағамдағы халал мен харам |

Al-Hanifiya.kz: Діни танымдық сайты

Тағамдағы халал мен харам (рұқсат етілген нәрселер мен тыйымдар) және желатин жайында

Аса қамқор екерше мейірімді Аллаһтың атымен!

Аллаһқа мадақ. Біз Оны мадақтап, Одан көмек және күнәләрімізді кешіруді сұраймыз. Өзіміздің жанымыздың кесапаты мен жаман істерден Аллаһтан пана сұраймыз. Кімді Аллаһ тура жолға салса оны ешкім адастыра алмайды және кімді Аллаһ тура жолдан тайдырса оны ешкім тура жолға шығара алмайды. Біз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкімнің жоқтығына, Оның серігі жоқтығына куәлік береміз. Сондай-ақ Мухаммад Аллаһтың құлы және Оның елшісі, деп куәлік етеміз.

Осыдан кейін:

Ұлы Аллаһ былай деді: «Иә иман келтіргендер! Ризықтандырғанымыздың жақсысынан жеңдер» (аль-Бақара 2: 172).

Аллаһ елшілері мен пайғамбарларға және пайғамбарлар жіберілген адамдарға рұқсат етілген нәрселермен ғана қоректенулері және игі амалдар жасаулары бұйырылды. Хафиз Ибн Касир былай деген: “Рұқсат етілген нәрселермен тамақтану дұғалар мен ғибадаттардың қабыл болуының себебі болады, ал тыйым салынған нәрселермен тамақтану дұғалар мен ғибадаттардың қабыл болмауына апарып ұрындырады”.  “Тафсир Ибн Касир” 1/280.

Тыйым салынған нәрселерді тамаққа қолданудың екі түрі болады:

Біріншісі – негізі рұқсат саналатын, бірақ тыйым салынған жолмен табылған нәрселермен тамақтану. Мысалыға олардың қатарына ұрлықпен, өсіммен, парамен не болмаса күшпен тартып алынған, не болмаса тыйым салынған нәрселерді (арақ, шошқа еті т.т.) сату арқылы келген табыс сияқты т.б. жатады.

Екіншісі – бұл негізі тыйым саналатын доңыз, жыртқыш аң, арақ секілді және т.б. нәрселермен тамақтану. Бұл ретте негізі тыйым салынған нәрселер, рұқсат етілген адал жолмен табылған ақшаға сатып алынса да олардың негізі харам болғандықтан оларды жеуге болмайды.

Тыйым салынған (харам) нәрселерді жеудің қауіпі, оның себебінен амалдар мен дұғалар қабыл болмайды да, ал Ахіретте ол үшін жаза бар. Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Аллаһ елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізген:  «Расында, Аллаһ Тағала – Игі ниетті, сондай-ақ игіліктен басқа еш нәрсені қабыл етпейді. Расында, Аллаһ имандыларға  пайғамибарларға нені жүктесе соны жүктеді. Аллаһ Тағала былай деді: «Иә пайғамбарлар! Таза нәрселерден жеңдер де таза амалдар жасаңдар» (аль-Муминун 23: 51)

Ұлы Аллаһ сондай-ақ былай деді: «Иә иман келтіргендер! Ризықтандырғанымыздың жақсысынан жеңдер» (аль-Бақара 2: 172).

Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын былай деді: Осыдан кейін пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, шашы жалбырап үстін шаң басқан адам жайлы еске салды, ол адам ұзақ уақыт сапарда жүріп қолын көкке көтеріп: «Иә Раббым, иә Раббым!», дейді, бірақ оның жегені харам, ішкені харам және оның кигені харам, сонда оның дұғасы қалайша қабыл болмақ?! Муслим 1015.

Бірде адамдар Жундубқа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: Бізге насихат айтшы, – деді. Сонда ол: «Расында, адамның ең бірінші шіритіні қарны болады, сондықтан кімде-кім таза нәрселерден басқа еш нәрсе жемеуге мүмкіншілігі болса, солай жасасын».[1] аль-Бухари  7152.

Зайд ибн Арқам, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай айтқан: Абу Бакрдің, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, өзінің төлемін беріп азат етуіне келіскен бір құлы болған. Ол Абу Бакрге не алып келсе де ол одан: «Бұны қалай таптың?», – деп сұрайтын. Егер оның жауабы оны қанағаттандырса әкелгенін жейтін де, ал егер қанағаттандырмаса жемейтін. Абу Бакр ораза ұстаған күндердің бірінде ол құл оған тамақ алып келді. Абу Бакр оның алып келген тамағынан бір түйірін одан қайдан алғанын сұрауды ұмытып жеп қояды. Жеп болғсн соң одан: «Бұны қайдан алдың?», деп сұрайды. Сонда ол: «Надандық дәуірде мен көріп-кел болмасам да алдап  көріп-келдікпен бал ашқан болатынмын, маған сол үшін ақымды берді», – деп жауап берді. Абу Бакр оған: “Сенің жасағаның қандай жиіркенішті, сен сәл болмағанда мені құрта жаздадың!», – деді. Осыдан кейін ол жегенін құсып шығарғысы келді, бірақ құса алмады. Оған жегенінің сумен шығатындығын айтты. Осыдан кейін ол су ішіп құса бастады. Осыдан кейін ол асқазанындағының бәрін құсып тастады! Сонда одан: «Сен шынымен-ақ осының бәрін бар-жоғы бір түйір асқа бола жасадың ба?!», деп сұрайды.  Олардың сұрағандарына ол: «Егер бұл жегенім менің жаныммен ғана шығатын болса мен оны суырып алған болар едім! Расында, мен Аллаһ елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Адамның денесіндегі отқа ең лайық бөлігі оның тыйым салынғанмен жеп өскен бөлігі лайығырақ!»,- дегенін естідім», – деді.” Абу Ну’айм 1/31, аль-Байхакъи 5760. Шейх аль-Альбани хадисті сенімді хадистер қатарына жатқызған.

Нені жеуге тыйым салынғандығы жайлы

(яғни нені жеу харам)

Аллаһ пен Оның елшісі нұсқамаған кез-келген амал, Ұлы Аллаһ Тағаланың дінінің негізінде харам болып табылады. Яғни діни амалдардың негізі харам, рұқсат етілгендері тек Аллаһ пен Оның елшісінің нұсқағандары. Бір сөзбен айтқанда ғибадатта Аллаһ мен Оның елшісі айтпаған нәрселерді жасауға болмайды.  Ал тұрмыстық мәселелердің бәрінің негізін Аллаһ Тағала рұқсат, яғни халал етті, сондықтан дүние тіршілігінде кез-келген нәрсе оның тыйым салынғандығы Аллаһ және Оның елшісінің нұсқауында болмайынша рұқсат, яғни халал болып табылады. Бұл Аллаһ Тағаланың өз құлдарына деген жомарттығын көрсетеді. Аллаһ елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деген: «Аллаһ Тағала Өзінің Кітабында нені рұқсат етсе, соған рұқсат та, ал Ол неге тыйым салса, сол тыйым болып табылады. Ал Ол не жайлы айтпаған болса, соның бәріне рұқсат саналады. Сондықтан осының бәрін Аллаһтан қабыл алыңдар, өйткені расында, Аллаһ еш нәрсені ұмытпайды!», – деді де пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келесі аяттарды оқыды: «Сенің Раббың ұмытпайды»» (Марьям 19: 65). аль-Ха­ким 2/375, аль-Баззар 123. Шейх Албьбани бұл хадисті сенімді хадистер қатарына жатқызған.

Бұның тамаққа да тікелей қатысы бар, сондықтан Аллаһтың дінінде тыйым салынбаған нәрселердің бәрін жеуге болады. Ал тамақта тыйым салынған нәрселер мен тыйым салынғандардың бәрінің себебін Аллаһ Тағала былай деп түсіндірді. «Ол жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тосады, барлық игі нәрселерге рұқсат береді де, жиіркенішті нәрселерден тыяды» (аль-А’раф 7: 157).

Бұл аятта тамақта болсын, не басқа да мәселелерде болсын Аллаһ Тағаланың барлық жиіркенішті және зиян тигізетін нәрселерге ғана тыйым салғандығы анық нұсқалып отыр!

Құран мен Сүннетте нұсқалған тыйымдар жайлы.

Өлексі, доңыз, қан, шарап

Аллаһ Тағала былай дейді: «Сендерге: өлексе, аққан қан, доңыз еті және Аллаһтан басқаның атымен бауыздалған мал харам қылынды. Бірде буынып, ұрылып, құлап, сүзіліп өлген малдар және жыртқыш жеген мал харам. Бірақ (жаны шықпай) бауыздағандарың басқа. Және тігілген тасқа (бұтқа) арнап бауыздалған мал әрі оқтар арқылы бөліскендерің (бал ашуларың) да харам етілді. Бұларың бұзықтық». (аль-Маида 5: 3).

Сонымен Аллаһ Тағала мына нәрселерді, Аллаһтан басқаға құрбан етілген малды, өлесіні ол қалай өлсе де, яғни дұрыс бауыздалмаған малды, қанды, шарапты доңыз етін жеуге тыйым салды.

Сондай-ақ тірі малдан кесіп алынған ет те өлексеге жатады. өйткені пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деген. «Тірі малдан кесіп алынған өлексі саналады!» Абу Дауд 2841, Ибн Маджах 3216. Сенімді хадис.

Сондықтан тірі малдан кесіп алынған кез-келген бөлік харам саналады.

Аллаһ Тағала былай деді: «Әй мүміндер! Арақ, құмар, тікілген тастар (бұттар) және бал ашатын оқтар лас, шайтанның істерінен. Одан сақтаныңдар, құтыларсыңдар. Негізінен шайтан, арақта, құмарда араларыңа дұшпандық әрі кек салып, Аллаһты еске алудан және намаздан тосуды қалайды. Ал сонда да тыйылмайсыңдар ма?!» (аль-Маида 5: 90-91).

Аллаһ елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деген. «Барлық мас ететін харам!» Сондай-ақ ол, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деген: «Мас қылатынның бәрі шарап, ал шараптың бәрі харам!» Муслим 2002.

Теңіз өлексесін жеу рұқсат, яғни халал саналады

Тек суда ғана тіршілік ететіндерді жеу рұқсат саналады. Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, мыналарды жеткізген: «Бірде бір ер кісі Аллаһ елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп: «Иә Аллаһ елшісі, біз теңізге шыққанда өзімізбен бірге кішігірім су алып шығамыз. Егер біз ол сумен дәрет алатын болсақ, онда ішерге суымыз қалмайды, сондықтан теңіз суымен дәрет ала берсек болады ма?», деп сұрады. Оған Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Теңіз суы дәретке жарайды және оның өлексесін жеуге болады»,- деп жауап берді». Абу Дауд 1/83, ат-Тирмизи 1/69, ан-Насаи 1/176, Ибн Маджах 1/386. Имам Ибн Хузайма, ат-Тирмизи, ан-Науауи және  шейх аль-Альбани хадисті сенімде, деген.

Имам ас-Сан’ани былай деген: “Бұл хадистен, теңіздің кез-келген өлексесі оның түрі итке не доңызға ұқсас келгеніне қарамастан жеуге жарамды екендігін айдан анық көрінеді”.  “Субулю-Ссалям” 1/23 қараңыз.

Ал кракодил жайлы айтатын болсақ ғалымдар оның еті харам дейді, өйткені ол суда да құрлықта да өмір сүретін хайуан. “Тафсир Ибн Касир” 3/197 қараңыз.

Сондай-ақ Аллаһ елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деген: «Бізге өлексенің екі түрі мен қанның екі түрін жеуге рұқсат берілді. Өлексі жайлы айтсақ олар, балық пен шегртке, ал қан жайла айтатын болсақ ол, бауыр мен көк бауыр». Ибн Маджах, аль-Хаким, аль-Байхакъи. Сенімді хадис «Сахихуль-джами’» 210 қараңыз.

Сондай-ақ дұрыс бауыздалған малдың етінде қалған қан да халал саналады. “Сахих фикъху-Сунна” 2/338 қараңыз.

Сондай-ақ Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, қанда қалған қан мен оның түсінің қызғыштығында еш жамандық көрмеген. ат-Табари 8/71. сенімді иснад.

Кез-келген ірімшіктің (сыр)  халал екендігі жайлы

Ғалымдар ірімшікке малдың асқазанында бөлінетін запранның қосылуы салдарынан, ірімшіктің халалдығы жайындағы көз-қарастары бір болмаған. Олардың көпшілігі мұсылмандар не болмаса Кітап иелері жасаған ірімшікті ғана жеуге болады, өйткені мұсылмандар мен Кітап иелерінен басқа адамдар бауыздаған малды жеуге болмайды, дейді. Басқа ғалымдар   көпқұдайшылдардың жасаған ірімшіктерін жеуге болады, өйткені еті жеуге жарамды малдың өлексесінің сүті мен запыраны нәжістер қатарына жатпайды, дейді. Бұл көзқарасты Абу Ханифа мен имам Ханбалдың мазхабын ұстанған кейбір ғалымдар бөліскен.  Бұл көзқарас дұрысырақ болып табылады, өйткені бұл көқарас Аллаһ елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабаларының ісіне сүйеніліп тұр. “аль-Бахру-Рраикъ” 1/112, “Ахкамуль-Къуран” 1/168.

Бірде Омардан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, құрамына өлексенің запыраны қосылған ірімшік жайлы сұрағанда ол: «Аллаһтың есімін айтып жей беріңдер», деп жауап қайырған. Ибн Аби Шайба 5/130, Абдур-Раззакъ 4/538. Хадистің сенімділігін имам Ахмад растаған.

Сондай-ақ Тальха ибн ‘Убайдуллаһтың ірімшікті шетінен пышақпен кесіп алып Аллаһтың есімін ауызға алып жегені хабарланады.  Ибн Аби Шайба 5/131. Иснады сенімді.

Сондай-ақ бұл Салман аль-Фариси мен Хасан ибн Алиден де жеткізіледі. Бұл көзқарасты шейхуль-Ислам ибн Таймия да ұстанған, ол былай деген: «Көпқұдайшылдардың жасаған ірімшігін жеуге болады, өйткені сахабалар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын Иракты жаулап алғанда отқа табынушылардың ірімшігін жеген!» “Маджму’уль-фатауа” 21/101.

Сойдақ тістері бар аңды жеуге болмайтындығы жайлы

Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізген: «Жыртқыш аңдардан сойдақ тістері барларын жеуге болмайды». Муслим 1933.

Хадисте арыстандар, жолбарыстар, қасқырлар, аюлар және т.б. жыртқыш аңдар жайлы айтылып тұр.

Бұл тыйымға тек қорқаудың (гиена) ғана қатысы жоқ. Ибн Аммар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын былай деген: «Бірде мен Жәбірден, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: «Бұл қорқау қасқыр аңда алынды ма?», деп сұрадым. Ол маған: «Иә», деп жауап берді. Мен: «Бұны сендерге Аллаһ елшісі рұқсат етті ме?», деп сұрағанымда, ол: «Иә», – деді. Абу Дауд 3801, ат-Тирмизи 851, ан-Насаи 5/191. Имам аль-Бухари, ат-Тирмизи, Ибн Хиббан, аль-Байхакъи және шейх аль-Альбани бұл хадисті сенімді деген.

Бұл жерде Ислам шариғаты пікрлер мен болжауларға негізделмейді, тек Қасиетті Құран аяттары мен сүннетке негізделеді!

Ал ат-Тирмизи келтірген пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қорқау қасқырдың етін жеуге тйым салатын хадисін имам Ахмад, аз-Зайля’и және хафиз Ибн Хаджарлар әлсіз хадис деп тапқан.

Сондай-ақ ор қоян мен үй қоянын жеуге болады. Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деген: «Бірде біз Марр аз-Захранда ор қоянды үркітіп жібердік те адамдар оны қуып қуып шаршады, ал мен болсам оны қуып жетіп ұстап алдым. Осыдан кейін мен оны Абу Тальхаға алып келдім де, ол оны бауыздап артқы аяқтарын пайғамбарға беріп жіберді. Ал пайғамбар одан дәм ауыз тиді». аль-Бухари 2672, Муслим1953.

«Бірде пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жанында кірпі жайлы айтқанда, ол: «Бұл бір жиіркенішті нәрсе»», – деп айтқандығы жайлы хадисті имам Ахмад пен Абу Дауд әлсіз деген.

Имам ас-Сан’ани бұл жайлы былай деген: «Бұл сұрақта кірпіні жеуге болады, деген ғалымдардың пікірі басымырақ, өйткені оған тыйым салынғандығы жайлы хабарлар жоқ, ал бұл сұрақта, тыйым салынбаған нәрселердің бәрін жеуге болады, деген тұжырым негіз болып табылады». “Субулю-Ссалям” 4/108 қараңыз.

Тырнақты құстар жайлы

Ибн ‘Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Аллаһ елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Кез келген сойдақ тісті аң мен тырнақты құсты тамаққа қолдануға болмайды», – деп айтқанын естіген. Муслим 1934.

Бұған бүркіт, қаршыға, сұңқар және т.б. жатады.

Тырнақты болса да тауықтың бұған қатысы жоқ. Абу Муса аль-Аш‘ари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: «Мен Аллаһ елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тауық етін жегенін көрдім», – деген. аль-Бухари 5517, Муслим 1649.

Сондай-ақ торғай және көгершін секілді осыған ұқсас құстардың етін жеуге болады. Аллаһ елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Кім торғай бауыздағанда рахымшылық танытса, Аллаһ оған Ахіретте рахымшылық танытады», – деп айтқан. ат-Табарани  “аль-Кабир” 7915. Шейх аль-Альбани хадисті жақсы деп тапқан.

Үй есегі

Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, мынаны жеткізді: «Хайбарды алған күні Аллаһ елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үй есегінің етін жеуге тыйым салып жылқы етін жеуге рұқсат етті» аль-Бухари 4219, Муслим 1941.

Ал жабайы есектер жайлы айтатын болсақ, онда олардың етін жеуге болады. Бұл туралы Абу Қатада былай деп айтқан: «Бірде мен пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Иә Аллаһ елшісі, біз жабайы есек аулап алдық, оның етінен біраз қалды», дегенімде, ол маған: «Қалған етті де жеп қойыңдар», – деді». аль-Бухари 1824, Муслим 1196.

Қашыр

Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, мынаны жеткізді: «Хайбарды алған күні Аллаһ елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үй есегінің, қашырдың, сойдақ тісі бар аңдарды және аяғында тырнағы бар құстарды жеуге тыйым салды». Ахмад 3/323, ат-Тирмизи 4/61. Хадистің иснады жақсы.

Имам ан-Науауи былай деп айтқан: «Имам Шафи мен оның қолдаушы ғалымдар қашырдың және сол сияқты еті жеуге жарамды мал мен еті жеуге рұқсат етілмеген малдың қосылуынан пайда болғандардың етін жеуге тыйым салған». «аль-Маджму’» 9/27.

Құрт-құмырсқа

Имам аш-Шафи’и, Ахмад және басқа ғалымдардың көпшілігі: «Ол жиіркеніштіден тыйып игіліктіге рұқсат етеді» (аль-А’раф 7: 157), деп айтылған аятқа сүйеніп шыбын, маса, ара, өрмекші секілді құрт-құмырсқаларды жеуге тыйым салған.

Бұл қатарға шегіртке ғана кірмейді, өйткені оны жеуге рұқсат етілген. ‘Абдуллах ибн Аби Ауф, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деген: «Біз Аллаһ елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге жеті жорыққа қатыстық және сол жорықтарда біз шегірке жегенбіз». аль-Бухари 5495, Муслим 1952.

Маймыл мен пілдің етін жеуге болмайды

Хафиз Ибн ‘Абдуль-Бар былай деп айтқан: «Біз ғалымдардың арасында маймыл мен пілдің етін жеуге болмайтындығы жөнінде келіспеушілігін білмейміз!»  “Шархуль-кабир” 11/68.

Ал піл туралы айтатын болсақ Хасан аль-Басри, Абу Ханифа, аш-Шафи’и және Ахмад сияқты ғалымдардың көпшілігі оны ең үлкен сойдақ тіс иесі деп, оны кейбіреулер азу тіс қатарына жатқызса да, оның етін жеуге жарамсыз тапқан. Имам Ахмад: «Піл мұсылмандардың асы емес», – деп те айтқан. “Ахкаму-ззабаих” 139.

Өлтіруге бұйырылған нәрселерді жеуге болмайды

Хадистерде жыланды, қабаған итті, тышқанды, кезқұйрықты, қарғаны, шаянды және кесірткені өлтіруге әмір келген. Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді: «Тірі жәндіктердің зинын тигізетін бес түрі бар, сондықтан оларды Меекенің ішінде де оның сыртында да жолықтырсаңдар өлтіріңдер. Бұл – шаян, қарға, кезқұйрық, тышқан және қабаған ит». аль-Бухари 3314, Муслим 1198.

Са’д ибн Аби Уаккъас былай деген: «Пайғамбар кесірткені өлтіруге бұйыратын». Муслим 2238.

Хадисте кішкентай кесіртке (уазгъ) жайлы айтылып жатыр, ал үлкен кесіртке варан жайлы айтатын болсақ оларды жеуге болады. Пайғамбардан, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ол туралы сұрағанда, оның: «Мен оны жемеймін, бірақ сендерге оны жеуге тыйым салмаймын», – деп айтқанын Ибн Омар жеткізген. аль-Бухари 5536, Муслим 1943.

Аллаһ елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Жылан мен шаянды намаз үстінде тұрсаңдар да өлтіріңдер», – деп айтқан. ат-Табарани. Сенімді хадис  «Сахихуль-джами’» 1151 қараңыз.

Бірақ-та егер жылан үйге кірсе, онда оны өлтіруге болмайды, өйткені ол жын болуы мүмкін. Оған шығуды әмір ету керек, егер ол шықпаса, онда оны өлтіре беруге болады, өйткені ол шайтан болғаны. “Сахих Муслим” 2236.

Өлтіруге тыйым салынған нәрселерді жеуге болмайды

Ара, құмырсқа, бәбісек (Құранда аты аталған құс – удод), сауысқан және құрбақаны өлтіруге тыйым салынған.

Ибн ‘Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, пайғамбардың төрт нәрсені өлтіруге тыйым салғанын естіген олар: құмырсқа, ара, бәбісек және сауысқан. Ахмад 1/332, Абу Дауд 5267. Имам Ибн Хиббан, шейх Ахмад Шакир , шейх аль-Альбани хадисті сенімді деген.

Имам аль-Байхақи былай деген: Бұл хадисте өлтіруге болмайтын нәрсені жеуге болмайтындығы жайлы дәлел бар, өйткені бұларды жеуге болатын болса, онда Аллаһ елшісі оларды өлтіруге тыйым салмас еді. “Субулю-Ссалям” 4/107.

‘Абд ар-Рахман ибн ‘Усман былай деген: «Бір дәрігер Аллаһ елшісінен құрбақадан дәрі жасау жайлы сұрағанында, ол оларды өлтіруге тыйым салған». Ахмад 15197, ад-Дарими 1998. Жақсы хадис.

‘Абдуллах ибн ‘Амр былай деген: «Құрбақаны өлтіруші болмаңдар, өйткені олардың бақылдауы Аллаһты зікір еткендері!» аль-Байхакъи  “Сунануль-кубра” 19166.

Нәжіспен қоректенген малдың етін жеуге болмайтындығы жайлы

Ибн ‘Умар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деген: «Аллаһ елшісі нәжіспен қоректенген малдың сүтін ішіп етін жеуге тыйым салды. Абу Дауд 3719, ат-Тирмизи 1825, аль-Хаким. Сенімді хадис.

Ал басқа хадисте Аллаһ елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұндай жануарды көлік етуге де тыйым салғандығы да келтіріледі. ан-Насаи 4337, Абу Дауд 3769, Са’ид ибн Мансур 2816. Сенімді хадис.

Нәжіс жеген кез келген малдың түйенің де, сыйырдың да, жылқының да, қойдың да, тауықтың да, яғни осы сияқты етін жеуге рұқсат етілген кез келген малдың етін жеуге тыйым салынған.  Бұндай малды ол таза жем жеп тазармағанша не сатуға, не етін жеуге болмайды. Тауықтың тазаруы жайлы айтатын болсақ оның уақыты үш күн, өйткені Ибн Омар осылай жасаған. Ол бұндай тауықты үш күнге жабатын. Ибн Аби Шайба 4660, иснады сенімді.

Ал ірі мал жайлы айтатын болсақ, онда ол туралы ең дұрыс тұжырым оның тазару мерзімі қырық күн.  “Сахих фикъху-Сунна” 2/344.

Сатуға тыйым салынған нәрселердің бәрін жеуге болмайды

Аллаһ елшісі: «Егер Аллаһ бір нәрсені жеуге тыйым салса, онда Ол оны сатуға да тыйым салған». Абу Дауд 3488. Хадис достоверный.

Абу Зубайр мыналарды жеткізген: «Бірде мен Жәбірден ит пен мысықты сату жайлы сұрағанымда ол: «Аллаһ елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұны қатаң тыйым салған!», – деп жауап берді.

Денсаулыққа зияны тиетін нәрселерді жеуге тыйым салынған

Аллаһ Тағала былай деді: «Өз-өздеріңді өлтіруші болмайдар, расында Аллаһ сендерге мейірімді» (ан-Ниса 4: 29).

‘Убададан, Ибн ‘Аббастан, Абу Са’идтан, ‘Аишадан, Абу Хурайрадан және Жәбірден, олардың бәріне Аллаһтың ризашылығы болсын, жеткен хадисте Аллаһ елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі. «Не өзіңе, не басқа біреуге зиян тигізуге болмайды!» Ахмад 5/326, Ибн Маджах  2340, ат-Табарани 1/163. Имам Ибн Хазм былай деген: «Денсаулыққа зияны тимейтін нәрселерді жеуге болады, ал денсаулыққа зияны тиетін нәрселерді ішуге болмайды!» См. “аль-Мухалля” 7/430.

Нәжіс нәрселердің бәрін жеуге тыйым салынған

Имам Ибн Хазм былай деген: «Ғалымдар нәжіс нәрселерді ішіп-жеуге болмайтындығы жайлы бір тұжырымға келген!»

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия: «Нәжіс болған нәрселердің бәрін жеуге тыйым салынған, бірақ жеуге болмайтын нәрселердің бәрі нәжіс емес», – деп айтқан.  “Маджму’уль-фатауа” 21/542.


[1] Бұл сөздерді Жундуб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, тек Аллаһтың елшісінен ғана естуі мүмкін, оған Аллаөтың игілігі мен сәлемі болсын, өйткені сахабалар ғайыб мәселесінде не болмаса болашақта болатын жайлар жайлы өз тараптарынан еш нәрсе айтпайтын.

Толығымен