Жоба туралы
Аса қамқор ерекше мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын!
Құрметті, бауырлар! Расында, тура жолда болуды қалайтын кез-келген адам құран мен сүннетті сахабалар сияқты түсінуі қажет. өйткені, өздерін исламға жатқызатын барлық адасқан ағымдар мен топтар құран мен сүннетті ұстанатынын мәлімдейді. алайда, бұл жеткіліксіз және мұсылман үшін түрлі адасулар мен ауытқулардан құтылуға толық себеп бола алмайды. өйткені, міндетті түрде құран мен сүннетпен қатар үшінші нәрсе қажет, ол – сахабалардың түсінігі!
Аллаһ тағала былай деді: «Иман келтіруде бірінші болған муһәжирлер мен ансарларға және жақсылықта оларға ерушілерге аллаһ разы болды. олар да аллаһқа разы болды. сондай-ақ аллаһ олар үшін астыларынан өзендер ағатын, әрі олар ішінде мәңгі болатын жәннаттар әзірлеп қойды. бұл үлкен жетістік» (Тәубе, 100).
Тағы да Аллаһ тағала былай деді: «Егер де біреу өзіне тура жол айқындалғаннан кейін (аллаһ) елшісіне қарсы шықса, сондай-ақ, мүминдердің (яғни, сахабалардың) жолынан өзге жолға еріп кетсе, біз оны бұрылған жағына қарай бұрып қоямыз да тозаққа саламыз»(Ниса, 115).
Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Менің үмметім жетпіс үш ағымға бөлінеді, олардың барлығы тозақта, тек біреуінен басқа». Одан: «Әй, Аллаһтың елшісі, олар кімдер?», – деп сұрағанда. ол: «олар менің және сахабаларымның артынан ергендер», – деді (ахмад 4/102, әбу дәуд 2/503, тирмизи 3/367, ибн мәджәһ 2/479, әд-дәрими 2/241, әл-хаким 1/128. бұл хадисті шейх әл-ислам ибн тәймийя, шейх ибн әл-қойим, имам әш-шәтыби, хәфиз әл-`ирақи және шейх әл-әлбани сахих деген).
Әл-`Ирбәд ибн сәрийядан жеткен хабарда, ол: «Бірде Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізге жүректі тебірентер әрі көзден жас келтірерліктей уағыз айтты. сонда біз: «иә, Аллаһ Елшісі! Бұл қоштасушының айтатын уағызы сияқты ғой. Ондай болса бізге ақыл айтыңыз»-дедік. Сонда ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Айтарым: Ұлы Аллаһтан қорқыңдар әрі сендерді құл басқарса да оны тыңдап, оған бойұсыныңдар. Шын мәнінде араларыңнан ұзақ жасайтының көптеген келіспеушіліктер көреді. Сол үшін де менің сүннетім мен менен кейінгі әділетті, тура жолдағы халифалардың сүннетін ұстаныңдар! Ол (сүннетті) азу тістеріңмен берік ұстап, дінге жаңалық енгізуден аулақ болыңдар. Әлбетте, дінге енгізілген әрбір жаңалық-адасушылық»-деді»-дейді (әбу дәуд 4607, тирмизи 2678. шейх әлбәни хадисті сахих деген).
Бұл сайттың мақсаты – иман келтірген адамды мұсылмандардың әуелгі буынына жақындату, Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабаларының жолы туралы білім нұрын төгу, иман келтірген адамның оларға ұқсауға деген ынтасын қолдап, жүрегінде оларға деген махаббатын тудыру, өйткені шын мәнінде «Адам өзінің сүйгенімен бірге болады» (бұхари, муслим).
Шейх Мухаммад насыр әд-дин әл-Әлбәни былай деген:
«Мұсылмандардың әуелгі буынының шақыру негізі үш тіректе құрылған:
1) Қасиетті құран;
2) Сенімді жолмен жеткен сүннет;
3) Бірінші екі тіректі сахабалар мен таби`индерден және оларға тура ілескендердің қатарындағы алғашқы мұсылмандар буынының түсінігіне сай түсіну.
негізінде, ескісі немесе жаңасы болсын, барлық ағымдардың адасу себебі – осы үшінші тіректі ұстабаулары» (мәджәллә әл-асәлә, № 23).
