Аl-Hanifiya.kz| Құран және сүннет, сахабалар түсінігімен | Аудио лекциалар| Видео лекциалар | Мақалалар | Сахих кітаптар | Уағыз насихат | Ақида | Манһадж | Фиқх | Құран тапсірі | Хадис тапсірі | Сира | Анти террор | Тағамдағы халал мен харам |

Al-Hanifiya.kz: Діни танымдық сайты

«Шейх» сөзін қолдану жайлы

Шейх Ибн `Усейминге мынадай сұрақ қойылды:

«Кез-келген адамды «шейх» деп атау дұрыс па?»

Шейх былай жауап берді: «Араб тілінде “шейх” сөзі тек, жасы үлкен немесе білімі мен мал-дүниесінің себебімен (адамдар) арасында ықпалы бар адамдарға ғана қолданылады. Әрі бұл сөз жас жігітке қолданылмайды. Алайда, біздің уақытта бұл сөзбен, ештеңені білмейтін надан кісіні де атайды. Менің ойымша, олай істеуге болмайды! Өйткені егер сен бір адамды “шейх” деп атасаң, ал негізінде ол білімі жоқ надан кісі болса, онда адамдар сол кісігі жайында адасуға ұрынып, оны білімді деп санайды. Одан кейін ол кісіден фәтуа сұрайды да, нәтижесінде бұл ұлы зиянға алып келеді! Өйткені, көптеген адамдар, Аллаһ бізді де, оларды да тура жолға салсын, еш білімге ие болмай, фәтуа береді, себебі олар: “Мен білмеймін” деп айтуды ұят деп санайды. Бірақ шын мәнісіне келсек, “Мен білмеймін” деген сөздер адам үшін кемелдік болып табылады. Алайда, адамның жаны, тек Аллаһтың мейіріміне бөленгендерден басқа, атақ пен абыройды жақсы көреді! Осы айтылғандарға сүйеніп, “шейх” сөзін, тек қана өзінің үлкен жасы үшін, немесе оның халық арасындағы сыйлы орны үшін, немесе білімі үшін оған лайық болған кісіге қолдану керек. Сондай-ақ, кейбір адамдар бүгін, “имам” сөзін, тіпті егер ол ғалым соқыр ілесушілердің қатарынан болса да, көптеген білім иелеріне қолданып жүр. Бұны да істемеген жөн!» (Қараңыз: “Лиқаәт Бәбул-мафтух” № 117).

Рамазан айының келуімен құттықтау туралы

Аса Қамқор, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен

Көрнекті ғалым, шейх Солих әл-Фәузан

Фәтуаның нөмірі: 1744

Cұрақ: Рамазан айы келгенде, біз адамдардың бір-біріне береке тілейтінін жиі көріп жатамыз. Олар: «Мәбрук `аләйкә шаһру Рамадан» (Рамазан айы берекелі болсын!), – дейді. Шариғатта бұның негізі бар ма?

Жауап: «Рамазанның келуімен құттықтаудың ешқандай айыбы жоқ. Себебі, пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз сахабаларын Рамазанның келуімен қуандырған, әрі оларды ізгі амалдарды барынша көп жасауға ынталандырған. Аллаһ Тағала былай деді: “Айт: «Бұл –Аллаһтың кеңшілігі мен мейірімі. Олар осыған қуансын, өйткені бұл олардың жиған-тергендерінен де хайырлы»” (Юнус, 58). Толығырақ…

Рамазан мен ораза туралы таралып кеткен, бірақ әлсіз не ойдан шығарылған хадистер

Аса Қамқор, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен


Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Менің атымнан, мен айтпаған нәрсені айтқан адам, Оттан орын алуға дайындала берсін!» (Бухари 109).

Хафиз ибн Хажар, пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Өзі өтірік деп санайтын нәрсені, менен жеткізетін кісі, өтірікшілердің бірі болып табылады», – деген сөздері жайында: «Егер пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) атынан, ол айтпаған нәрселерді жеткізуге де тыйым салынған болса, онда оған сүйеніп амал жасау туралы не айтса болады?! Хадис, үкімдерге (ахкәм) немесе  артықшықытарға (фадаил) қатысты болса да, еш айырмашылығы жоқ, өйткені бұның барлығы шариғатқа жатады!», – деп айтты (“Тәбйин әл-‘аджәб” 3-4). Толығырақ…

Рамазан айының басталуы мен аяқталуы қалай анықталады?

Аса Қамқор, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен

Рамазанның келуі екі тәсілмен анықталады:

  1. Аспанда Рамазан айын табу арқылы;

Егер ай, жиырма тоғыздан отызыншы күнге қараған түні байқалатын болса, онда бұл Рамазан айының басталуын білдіреді. Ол айда, Аллаһ Тағала ораза тұтып шығу керек: «Сендерден кім осы айда болса, ораза тұтсын!» (Бақара 185).

2. Оның алдындағы Ша`бан айының аяқталуын есептеу арқылы.

Егер Ша`банның отыз күні өтіп кеткен болса, онда отыз бірінші күн міндетті түрде Рамазанның алғашқы күніне сай болады. Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Айды көрсеңдер, ораза тұтыңдар да, айды (тағы) көрсеңдер – ауыз ашыңдар. Ал егер оны (бұлттардың себебімен) көре алмайтын болсаңдар, онда алдынғы айды (Ша`банды) отыз күнмен аяқтаңдар» (әл-Бухари 1909, Муслим 1081). Толығырақ…

ОРАЗАНЫҢ ӨТЕМ АҚЫ ІСТЕРІ МЕН ҚАЗАЛАРЫ ЖАЙЫНДА

Аса Қамқор, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен

Рамазан айында күндіз жыныстық қатынасқа барған адамның өтемі ақысы  (кәффәра) жайлы

Бұзылған оразаның өтем ақысын тек қана, Рамазан айында күндіз жыныстық қатынасқа барған үшін, орындау қажет. Одан басқа ештеңені қайта өтемейді!

Әбу Һурайра айтқан: «Бірде біз пайғамбармен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) отырған кезде, оған бір адам келді де: “Әй Аллаһтың елшісі, мен құрыдым!”, – деп дауыстады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): “Саған не болды?”, – деп сұрады. Ол: “Мен ораза кезінде әйеліммен жатып шықтым”, – деді. Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) одан: “Босатып жіберу үшін, құлдарын бар ма?”, – деп сұрайды. Ол:  “Жоқ”, – деп айтады. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): “Ал сен екі ай үзбей ораза тұта аласың ба?”, – деп сұрайды. Ол: “Жоқ”, – деп жауап береді. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): “Ал сен алпыс кедейді тамақтандыра аласың ба?”, – деп сұрақ қояды. Ол: “Жоқ”, – деп тағы да жауап қайтарады».

Әбу Һурайра жалғастырып, былай дейді: «Бұдан кейін пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кейбір уақыт үндемеді. Біз осылай отырғанымызда, пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрмаға толған, үлкен кәрзеңке әкеледі. Сонда пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): “Сұрақ қойған кісі қайда?”, – деп сұрайды. Ол: “Мен осындамын”, – дейді. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған былай айтады: “Мынаны ал да, садақа ретінде тарат!”. Сонда әлгі кісі: “Әй, Аллаһтың елшісі, мен бұны өзімнен де кедей адамға таратуым қажет пе? Аллаһпен ант етемін, Мәдина өлкесінде менің отбасымнан кедей отбасы жоқ!”, – дейді. Сол кезде пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)тістері көрінгенше, күлле бастады. Сосын: “Онда онымен үй ішіңді тамақтандыр”» ( әл-Бухари 1936, Муслим 2/781). Толығырақ…